Құжаттар тізімі / Перечень документов
1. Көлікті қайта тіркеу (сату/сатып алу)
- Жеке куәлік (түпнұсқа немесе eGov цифрлық құжат)
- Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (техпаспорт)
- Сату-сатып алу шарты немесе мәміле құжаты (ЦОН-да рәсімдеуге болады)
- Көлікті салыстырып тексеру актісі (криминалист актісі)
- Мемлекеттік баждардың төленгені туралы түбіртектер (СРТС, ГРНЗ)
2. Жүргізуші куәлігін ауыстыру (мерзімі өткенде)
- Жеке куәлік
- Ескі жүргізуші куәлігі
- 073/у нысанындағы медициналық анықтама (психо/нарко белгілерімен)
- Мемлекеттік баж төлемі (1.25 АЕК)
3. Куәлікті алғашқы рет алу (емтиханнан кейін)
- Жеке куәлік
- Автомектепті бітіргені туралы куәлік
- 073/у медициналық анықтамасы
- Теория және практика емтихандарын тапсыру парағы
- Мемлекеттік баж (1.25 АЕК)
💡 Ескерту: Барлық мемлекеттік баждарды ЦОН кассаларында немесе Kaspi / Halyk қосымшалары арқылы онлайн төлеуге болады.