SAMGAU Bilim Foundation
Балаларға тірек нүктесі — білім, қамқорлық және тәлімгерлік арқылы
Миссия
Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың білім алу мен тұлғалық дамуына қолдау көрсету
Бәрі қалай басталды?
Cеріктесіміз — «Ыбырай жолы» қоры (Астана) — ата-ана қамқорлығынсыз қалған 300-ге жуық баланы қамтып, 100-ден астам тренинг пен семинар өткізді. 50-ден астам түлек дарынды мектептер мен ЖОО-ларға грантпен оқуға түсті. Бұл модель өз тиімділігін дәлелдеді — енді біз оны Алматы қаласында енгізіп жатырмыз.
Біз қалай көмектесеміз?
Dostyq, Zerdeli, StudyPoint және басқа орталықтарда тереңдетілген білім.
- 5-6 сынып: дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық;
- 7-9 сынып: білім деңгейін көтеру;
- 10-11 сынып: ҰБТ-ға және университетке түсуге дайындық.
Тәлімгерлік бағдарламасы, кәсіби бағдар, ЖОО мен компанияларға экскурсия, психологиялық қолдау, өзіңді тану: Hard & Soft skills қабілеттерін дамыту.
Жобаға қалай қосыламын?
Шәкірттерге көмек берудің көптеген жолы бар:
- Cеріктес атану: Жеке бизнес иесі болсаңыз, қаражаттың бір бөлігін шәкірттердің білім алуына аудару;
- Іс-шараға қатысу не ұйымдастыру: қор ұйымдастырған іс-шараға қатысу не бірлесе ұйымдастыру: волейбол жарысы, интеллектуалды ойын, семинар-тренинг және т.б.
- Қаржылай көмек: ай сайын не бір реттік ақшалай көмек беру. Әр жәрдемақы — балалардың жарқын болашаққа деген үміті
SAMGAU Bilim Foundation
Байланыс: +7 705 608 7023
«Балық берме — қармақ бер!»